«Азаматтық авиация аэровокзалдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 586 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2010 жылғы 3 тамыздағы

№ 586 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Азаматтық авиация аэровокзалдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық авиация аэровокзалдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі азаматтық авиация аэровокзалдарының аумағына, оны сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, желдетуге, жарықтандыруға, үй-жайларының жабдықталуына және персоналдың жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

 

 

2. Аумаққа, жер учаскесін таңдауға, ғимараттарды, құрылыстарды орналастыруға, реконструкциялауға қайта жөндеуге

және оларды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

2. Аэровокзал құрылысына арналған жер учаскесін таңдау осы санитариялық ереженің талаптарына сай таңдалады.

3. Аэровокзал ғимаратын тасқын су басатын учаскелерде, төмен, батпақ жерлерде; топырақ көшкіндері және топырақтың басқа да деформациясы болатын жерлерде; көлік қозғалысы қарқынды магистральдардан 30 м жақын жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

Аэровокзал әуежайдың аумағында немесе елді мекен аумағында жеке тұрған ғимаратта орналасады.

4. Аэровокзалдың аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады және атмосфералық шөгінділердің жауын-шашын кәрізіне ағып кетуі ескеріле отырып жоспарланады. Кіретін жолдар, жаяу жүретін жолдар, жүк тиеп-түсіру алаңдары асфальтталады.

5. Аэровокзал ішінде жолаушылар мен жүк тасымалдарына жатпайтын тауарларды, қораптарды және басқа заттарды жинауға жол берілмейді.

6. Аумақты жинау жылдың жылы мезгілінде күніне екі рет жүргізіледі, жылдың суық мезгілінде қардан және мұздан тазартылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.