Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде
жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 309 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1248 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 728 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1707 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысына
қосымша
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы