Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Бектұров Азат Ғаббасұлы, Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, Тұрғанов Дүйсембай Нұрбайұлы, Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы, Саванков Александр Михайлович, Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы, Мейірманова Азалия Амангелдіқызы, Ойнаров Азамат Рысқұлұлы шығарылсын;