«Жолаушылар вагондарын жабдықтау пунктіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 551 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 28 шілдедегі

№ 551 бұйрығымен бекітілген

2-қосымша

 

 

«Жолаушылар вагондарын жабдықтау пунктіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жолаушылар вагондарын жабдықтау пунктіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бүдан әрі - санитариялық ереже) жолаушылар вагондарын жабдықтау пунктін жобалауға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға, күтіп-үстауға, қоқыстарды жинау және шығаруды үйымдастыруға, отын қоймасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті (бүдан әрі - жабдықтау пункті) - вагондарды сапарға дайындау және жабдықтауды жүзеге асыратын темір жолдың мамандандырылған учаскесі;

2) жабдықтау бригадалары - вагондарды жуу, оларды мүкаммалмен жабдықтау және отынмен, сумен толтыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын жабдықтау пунктінің жұмысшылары.

 

 

2. Жабдықтау пунктін жобалауға, қүруға және реконструкциялауға, орналастыруға, ауланы

күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

3. Жабдықтау пунктін жобалау, қүру және реконструкциялау, іргелес салынған және бөлек түрған объектілерді орналастыру, пайдалануға беру «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жол беріледі.

4. Санитариялық-қорғаныш аймағы өндірістің қуатына, қауіптілік сыныбына, атмосфераға шығарындыларда зиянды заттардың болуына байланысты белгіленеді, бірақ 50 метрден (бүдан әрі - м) кем емес күрайды.

5. Жабдықтау пунктінің аумағы мен жоларалық абаттанылады  жәнеасфальтталынады, жиналған су мен жауын суының ағып кетуі үшін еңісі қарастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.