«Тамақ өнімін қайта өндеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 тамыздағы № 588 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрдің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 3 тамыздағы

№ 588 бұйрығына

1-Қосымша

 

Осы санитарлық ереженің егемен қазақстан газетіндегі мәтінін қара

 

 «Тамақ өнімін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілердің (бұдан әрі - объекті) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді және мыналарға:

1) құрылысқа жер учаскесін таңдауға;

2) объектіні жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға енгізуге;

3) объектіні сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;

4) өндірістік үй-жайлардың ауасына және микроклиматына;

5) үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға;

6) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп орау, кәдеге жарату және жою жағдайларына;

7) тамақ өнімдерін йодтауға және байытуға;

8) шикізаттарды сақтауға және қайта өңдеуге;

9) жүктерді тасымалдау және сақтау жағдайларына;

10) өнімдердің радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, соның ішінде оның құрамында генетикалық түрлендірілген объектілердің бар болуын өндірістік бақылауды ұйымдастыруға;

11) өндіріс қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

12) жұмыс істеушілердің еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз етілу жағдайларына;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.