«Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 561 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 29 шілдедегі

№ 561 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитарлық ереже) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілерін жобалауға, күтіп-ұстауға, объектілердегі жабдыққа, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Гигиеналық критерийлер бойынша мұнай өндіретін объектілерге мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:

1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);

2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;

3) мұнай кен орындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді дайындау, қосымша газды өндіру);

4) ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеу;

5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;

6) тығындау жұмыстары.

3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері - мұнай және мұнайгаз кен орындарына барлау және әзірлеу, көмірсутегі шикізаттарын өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын өнеркәсіп саласы;

2) құрғақ климат - ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат;

3) атмосфераның жерге жақын қабаты - жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;

4) өнім беретін қабаттар - мұнай және газды түзілімдер.

 

 

2. Мұнай өнеркәсібі объектілерін жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.