«Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 561 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 29 шілдедегі

№ 561 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
1. Жалпы ереже

 

1. Осы «Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) жүзбелі бұрғылау қондырғыларын жобалауға, құрылысына, пайдалануға және күтіп-ұстауға, технологиялық процесіне, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) жүзбелі бұрғылау қондырғысы (бұдан әрі - ЖБҚ) - теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелі құрылыс);

2) жүзу ауданы шектелмеген бұрғылау кемесі - тіркелу портынан шектелмеген қашықтықтағы жүзетін кеме;

3) комингс - кеменің палубасындағы саңылуына таңба салу;

4) коффердам - кемедегі тар, газ өткізбейтін бөлік;

5) вахтаның ұзақтығы - жүзбелі бұрғылау қондырғының бортында болу уақытының ұзақтығы;

6) фидер - кабелмен немесе ауа арқылы берілетін тарату электр желісі;

7) форпик - кеменің шеткі тұмсығындағы бөлігі;

8) футшток - ашық су қоймасындағы судың деңгейін бақылауға арналған бөліктері бар тақтайша;

9) шпигат - кеменің палубасындағы суды борттың сыртына шығаруға арналған саңылау.

 

 

2. Жобалауға, құрылысына және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.