Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдер құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 89 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдер құрастыру,
ресімдеу және қарау жөніндегі
нұсқаулық
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Патент заңы» (бұдан әрі - Заң) Заңына сәйкес әзірленді және инновациялық патент және өнертабыс патентін беруге арналған өтінімді жасау, ресімдеу және қарау бойынша қызметті нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық қарасты ұйым;

3) өтінім - өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтінім;

4) инновациялық патент беруге өтінімге сараптама - өнертабыстың «локальдық жаңалығы» және «өнеркәсіптік қолданылуы» патенттік қабілеттік шарттарына сәйкестігін тексеру;

5) өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама - формалдық сараптама және өнертабыстың мәні бойынша сараптама;

6) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

7) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперация (Patent Cooperation Treaty, әрі қарай - РСТ) туралы шартына сәйкес берілген өтінім;

8) евразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.

 

 

2. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдерд

құрастыру, ресімдеу және беру

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.