Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 84 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

7-қосымша

 

 

Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған
лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі
нұсқаулық
 
 
1. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Патент заңының 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19, 20-баптарына, 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралды микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тіркеудің процедурасын нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы;

2) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы № 237 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына куәлік;

3) лицензиар - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар және оны басқа тұлғаларға пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың тарабы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.