Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 84 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а.

2010 жылғы 23 сәуірдегі

№ 136 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу жөніндегі
нұсқаулық

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңының 11-бабының 6-тармағына, 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1, 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына, 20-бабына, 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралды микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің рәсімін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектілерін кез келген тәсілмен қарауына қарай пайдалануға болатын патент иесінің мүліктік құқығы.

2) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы;

3) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына куәлік;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.