Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 959 Қаулысы
Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Молдова Республикасында қалыптасқан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың аса теріс зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Молдова Республикасына ізгілік жүгін Кишинев-товарная станциясына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.