«Консультативтік орган туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 330 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 234 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Консультативтік орган туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консультативтік орган туралы ережеде:
2-тармақта «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздерден кейін «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
3, 4-тармақтарда «бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» деген сөздерден кейін «, аудиторлық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудиторлық қызметті жетілдіруге ықпал ететін басқа да мәселелерді қарауға.»;
6-тармақта «міндетті» деген сөз «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;