Консультативтік орган туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 17) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Консультативтік орган туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» 2001 жылғы 12 наурыздағы № 124;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 351;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 122.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.