«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 628 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 11 тамыздағы

№ 628 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) қара металлургия объектілеріне арналған өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлар көздерімен еңбек ету, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Осы санитариялық ереже мынадай: коксохимиялық, агломераттық және теміркенді шекемтастарды, домналық, ферроқорытпалық, болат балқытушы, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа берік, екінші топтағы қара металлдарды өңдейтін, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндейтін өндірістерге қолданылады.

2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) қара металлургия - кен өндіретін, кен және кен өндіруге керекті емес шикізаттарды байыту бойынша объектілірге жататын ауыр өнеркәсіп саласының нысандары;

2) ауамен себезгілеу - үй-жайға, суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуін болдырмауға арналған жергілікті желдету.

 

 

2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

3. Крандардың кабиналарында, басқару постыларында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау барысында, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормалары сақталуы тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.