Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 9 тамыздағы № 209 Бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай бұйрықтардың:
1) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті ұйымдастыру ережесін және «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде заңды тұлғаларды тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 24 ақпандағы№ 68 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4127 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылы 21 сәуірде № 71-72 (1051-1052) жарияланған);