(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2009.02.06 № 326 ӨКІМІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 Өкімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асырудың іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:

1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2009 жылғы 2 маусымдағы

№ 326 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2009 жылғы 15 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ң кезектен тыс

ХІІ съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

п/п

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

I. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

1.1. Жедел индустриалдық-инновациялық дамудың жүйелік мәселелері

1.

2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық жедел даму Мемлекеттік бағдарламасын 7 трлн. теңгеден асатын жылдық қосылған құнды қосымша құруды қарастыратын, жылдарға бөлінген айқын нақты мақсатты міндеттер мен индикаторлармен әзірлеу

Жарлық жобасы

Үкімет

2009 жылғы 1 қыркүйек

2.

Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарына сәйкес келетін уақтылы түрде жаңа әлеуетті-бәсекелестік экономиканың секторларын айқындап, тиісті бағдарламаларды дайындау бойынша ұсыныстарды енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

жыл сайын 20 ақпанға дейін 2010-2015 жылдарда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.