Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің сот әкімшілігі мәселелері жөніндегі кейбір
жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
мәтінде «әкімшілері», «әкімшілерінен», «әкімшілерінің» деген сөздердің алдынан «соттар» деген сөзбен толықтырылып, «әкімшілер», «әкімшілерді», «әкімшілердің», «Әкімші» деген сөздер тиісінше «соттар әкімшілері», «соттар әкімшілерін», «соттар әкімшілерінің», «Соттар әкімшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметін» деген сөзден кейін «ұйымдастырушылық,» деген сөзбен толықтырылсын;