«Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 661 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2010 жылғы 23 тамыздағы

№ 661 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы
 (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы санитариялық ереже жіті және созылмалы вирустық гепатиттердің (бұдан әрі - вирустық гепатиттер) пайда болуы мен таралуының алдын алуды қамтамасыз ететін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) инкубациялық кезең - вирустың организмге түскен сәтінен бастап аурудың симптомдары білінгенге дейінгі уақыттың бір бөлігі;

2) жіті вирустық гепатит (А, Е, В, С, Д) - бұл өзіндік маркерлер бар болғанда ұзақтығы 6 айдан аз бауырдың жіті қабынуы;

3) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеп-қарау - халықтың жекелеген топтары арасында, белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу үшін) вирустық гепатиттер туралы алынған ақпараттар негізінде адамдарды зерттеп-қарау;

4) вирустық гепатит ошағы - науқас адамнан вирус сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар вирустық гепатитпен ауыратын науқастың болатын орны;

5) парентералдық механизм - инфекцияның қан құю кезінде, тері жамылғылары мен шырышты қабықшалардың бүтіндігінің бұзылуымен қоса жүретін инъекциялар және басқа да манипуляциялар кезінде, сондай-ақ анадан балаға босану жолдары арқылы өту кезінде берілуі;

6) ремиссия - аурудың көріністерінің уақытша әлсізденуі немесе жоғалуымен сипатталатын аурудың өту кезеңі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.