Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім (Астана қ., 2010 жылғы 7 қазанда)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының
Үкіметі арасындағы  Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы
келісім
(Астана қ., 2010 жылғы 7 қазанда)

 

ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 409-V Заңымен ратификацияланды

2015 жылғы 7 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі,

өз аумақтарында өз мемлекеттері азаматтарының капиталды, технологиялар мен білімдерді инвестициялауын көтермелеуге ниет білдіре отырып;

өзара инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қолдауға ниет білдіре отырып;

инвестицияларды көтермелеу және қорғау кәсіпкерлік қызметтің одан әрі дамуына ықпал етіп, сол арқылы Тараптар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына айтарлықтай ықпал етеді деп үміттене отырып;

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап
Анықтамалар

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін:

1. «Инвестициялар» термині бір Тараптың инвесторы екінші Тараптың аумағында соңғы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес құрған немесе сатып алған активтердің кез келген түрін білдіреді және, атап айтқанда, бірақ тек бұларды емес, мыналарды:

а) жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен кепілге салу, кепілге қою, кепілгерлік, узуфрукт сияқты басқа да мүліктік құқықтар мен басқа да құқықтарды;

b) кәсіпорындарға қатысу үлестерін;

с) облигациялар мен акцияларды, сондай-ақ құнды қағаздардың басқа да түрлерін;

d) ақшалай талаптарды немесе ұлттық заңнамаға сәйкес экономикалық құндылығы бар жұмыстарды кез келген орындауды;

е) зияткерлік меншік құқықтарын (авторлық және сабақтас құқықтар, патенттер, өнеркәсіптік үлгілер немесе модельдер, тауар белгілері сияқты), сондай-ақ гуд-виллді, техникалық үдерістер мен ноу-хауды;

f) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес ұсынылған концессияларды қамтиды.

Активтер инвестицияланатын немесе қайта инвестицияланатын нысанның өзгеруі олардың инвестиция ретіндегі сипатын қозғамауға тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.