«2010 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 266 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: