«Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы № 35/316 шешімі

Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239
«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы № 35/316 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 6 қазанның № 27/323 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 7 қазанында № 2085 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

2010 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 13 971 924 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер -8 676 187 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 387 252 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 603 191 мың теңге;

трансферттер түсімі - 4 305 294 мың теңге;

2) шығындар - 13 991 257 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 340 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 5 340 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 223 450 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 223450 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 248 123 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 248 123 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 5 340 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 48 975 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.