Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының 2010 жылғы 4 қазандағы № 3-1446 Қаулысы

Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының 2010 жылғы 4 қазандағы № 3-1446 Қаулысы

 

Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының судьясы Н.Р.Аманбаева, аудан прокурорының аға көмекшісі Т.Танхиевтың, жәбірленуші Ж.Кенжекараеваның, құқық бұзушы К.Кенжекараевтың қатысуларымен,өзінің ашық сот мәжілісінде;-

Кенжекараев Куанткан 05.10.1961 жылы Қазалы ауданында туған, ұлты қазақ, ҚР-азаматы, жанұялы, жұмыста жоқ, тұрағы: Әйтеке би кенті, Ибрагимов көшесі № 2/1 үйдің тұрғыны, Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-5 бабының 1-бөлігінде әкімшілік ісін қазақ тілінде қарап, Анықтағаным:

Құқық бұзушы К.Кенжекараев 2010 жылдың 01 қазан күні сағат 19-дар шамасында алкогольді еліту күйінде үйіне келіп қызы Ж.Кенжекараеваның ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, отбасының тыныштығын бұзған, яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық жасаған.

Сотта жәбірленуші Ж.Кенжекараева түсінігінде, 01 қазан 2010 жылы сағат 19-дар шамасында әкесі К.Кенжекараев спирт ішімдігін ішкен мас күйінде келіп, отбасының шырқын бұзып, мазасын алғандығын, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқандығын, содан полицияға арызданғанын, қазіргі уақытта әкесіне кешірім беретіндігін, татуласып бітімге келгендерін, К.Кенжекараевты әкімшілік жауаптылықтан босатып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.