Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің м.а. 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 Бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 243 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу Ережесін 10 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне деректер қорын тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне бағдарламалық өнімді тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне интернет-ресурсты тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне деректерді беру желісін тіркеуге тіркелу өтінімінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық есептеу құралдарын тіркеу үшін өтінімдердің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.