«Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 462 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы желтоқсанның 10-ындағы Кодексінің 653-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5426 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 23 қаңтарда № 11 (1434) жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесіне:
1-тармақ мынадай редақцияда жазылсын:
«Осы Ереже (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) алкоголь өніміне (бұдан әрі - алкоголь өнімі) арналған есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
Есепке алу-бақылау таңбаларын алушылар:
1) алкоголь өнімінің өндірісі саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) алкоголь өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын заңды Қазақстан Республикасы резидент-тұлғалар.
Темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.»;