(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ...2009....

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 398-НҚ Бұйрығы

 

Осы редакция 2010 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері:

1) есепке алу саясаттарына тиісті өзгерістер енгізсін және оларды Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және (немесе) оның тиісті аумақтық органдарына келісуге 2010 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде ұсынсын;

2) осы бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесіне қосымшаға сәйкес 2009 жыл үшін қызметтердің түрлері бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның тиісті аумақтық органдарына 2010 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынсын.

3) осы бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесіне қосымшаға сәйкес өткен жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және (немесе) оның тиісті аумақтық органдарына жыл сайын 25 наурызға ұсынсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.