«Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 135 Қаулысы (2020.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 135 Қаулысы

(2020.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерді ұстап тұру бойынша шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам процентіне иелік ететін (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерін қолдауы бойынша шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.