Мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243
«Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 336 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3700 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 90386143,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3843876,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 442487,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 4609,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 86095171,1 мың теңге;
2) шығындар - 90103031,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 298852,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 718164,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 419311,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 493392,5 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 493392,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -509132,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 509132,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 6-1 тармағында:
«37961,0» деген сандар «76649,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«32030,0» деген сандар «55696,0» деген сандармен ауыстырылсын;
«5931,0» деген сандар «20953,1» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте нысаналы ағымдағы трансферттер және аудандар мен қалалар бюджеттерін дамытуға арналған трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 178905,0 мың теңге;