«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Жоба (2010 жылғы 20 қазанда) (қабылданды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қабылданды - ҚР 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-ІV Заңын қараңыз

 

ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2010.20.10. № 1085 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,29, 32-құжаттар):

1) 3-бапта:

мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«12-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) инвестициялық ұсыныс - одан әрі әзірлеу және түзету, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің қажетті сараптамаларын жүргізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайтын тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, оларға қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»;

мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономиканың саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкес келуі мәніне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.