Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 316 бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесін) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
2. Сараптама кеңесі өзінің міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 336 «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» бұйрығының күші жойылғандығы танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы Э.О. Квятковскийге жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.
Бірінші вице-министр | А. Рау |
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар бірінші вице-
министрінің 2010 жылғы
1 қазандағы № 316 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңес
құрамы
Квятковский Эдуард Олегович
| - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, төраға
|
Мұхамеджанов Жанмұрат Муратұлы
| - | Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары
|