«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы № 828 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 тамызда № 6430 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 2 қазанда № 402-405 (26248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде:
«4 және 5-қосымшаларда» деген сөздер «4-қосымшада» деген сөзбен ауыстырылсын;
«1 төсекке арналған палаталар» деген жолдағы «9,0» деген сан «7,0» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: