Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық
алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 989 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қосылған құны жоғары экспорттық мұнай-химия өнімін шығара отырып, көмірсутек шикізатын терең өңдеу жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін қалыптастыру және қазақстандық алғашқы мұнай-химия кешенін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдары мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жоспардың іс-шараларының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.