Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы
(2011.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.