«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 292 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 292 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 77-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінде:

36-2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Алдын алу есебінде тұратын сотталғандарды тексеруге арналған түбіртектерге, айыру жолақтарын салу: қашуға бейім сотталғандар үшін - қызыл түс, ал қалған алдын алу есебінің түрлеріне - қара түс.»;

11-тармақтың 7) тармақшасына:

«сақал және» деген сөздер алып тасталсын;

«бастың шашты жерлерін қысқа қырқылған» деген сөздерден кейін «1,5 сантиметрге дейін» деген сөздермен толықтыру;

9 бөлім:

тақырыпта «қауіпсіз орын» деген сөздерден кейін «, түзеу мекемелердегі жабылатын үй-жайларда (камераларда)» деген сөздермен толықтырылсын;

142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«142. Айыптылық және тәртіптік изоляторларына, камералық үлгідегі үй-жайларға және жалғыз адамдық камераларға орналастырылған сотталғандарға темекі шегуге тыйым салынады (өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.