Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 146 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашадағы № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауы мен 1-тармағы «әдістемесі,» деген сөзден кейін «сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулықта:
атауы мен кіріспенің бірінші бөлігі «әдістемесі,» деген сөзден кейін «сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі,» деген сөздермен толықтырылсын;