«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 472 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 472 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:

1-тармақта:

төртінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.»;

бесінші абзацта «(бюджет профицитінің орындалуы)» деген сөздер «(бюджет профицитін пайдалану)» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті үшін (әрі қарай - Қазынашылық комитеті) құрылымдық бөлімшелердің осы Ереженің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24-қосымшаларына сәйкес есептері республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын есепке алудың бастапқы құжаттары болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтарымен толықтырылсын:

7-1. Жергілікті бюджеттің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін, аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта «Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ қалдықтары туралы есеп» 5-34А нысанын ұсынады.

7-2. Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар 2-19, 5-20, 5-34, 5-34А, 5-52 есептілік нысандары бойынша бір күндегі айналымды салыстыруды іске асырады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.