(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 200...

Павлодар қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 168/21 шешімі

(2010.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.08.02. № 1/22 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.15.04. № 32/24 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 44/25 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.08.09. № 60/26 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2010-2012 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті тиісті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде:

1) кірістер - 28 639 572 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 20 773 932 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 87 986 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 442 464 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 5 335 190 мың теңге.

2) шығындар - 28 253 113 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - 2 643 мың теңге болып жазылсын, соның ішінде:

бюджеттік несиелер - 2 673 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;

5) бюджет профициті - 383 816 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану - -383 816 мың теңге, соның ішінде:

қарыздарды өтеу - 730 030 мың теңге;

займдардың түсімдері - 327 673 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 18 541 мың теңге;

2. 2010 жылға арналған  Павлодар қаласының бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 13 236 964 мың теңге сомасында бюджеттік алуларды көздеу ескерілсін.

3. Павлодар қаласының 2010 жылға арналған бюджетін атқару процессінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.