Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № 306 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік мекемелер - облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 шілдедегі № 444 бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мекемелер - облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттері туралы ережелерде:
20-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және көрсетілген жұмыс үшін дербес жауапкершілікте болады;»;
2) «Мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 18 шілдедегі № 271 бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары туралы ережелерде:
20-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: