Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 152 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 Қаулысымен күші жойылды
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнiнде» 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 3649 тiркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 2-4 және 2-5-тармақтармен толықтырылсын:
«2-4. Қор биржасы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуi осы Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
1) қор биржасының сауда жүйесін әрбір пайдаланған кезде осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалану арқылы қор биржасының мүшесi атынан мәмiле жасауға және iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi жеке тұлғаларды (трейдер) сәйкестендіруді;