Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 317/28 шешімі
Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 1-11/560 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 106-бабының 3, 4-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (IV сайланған ХXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3147 болып тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 148, 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 150, «Звезда Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 148, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 санында жарияланған) № 259/21 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«1. 2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 67902840 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12400162 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 351020 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 600 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 55151058 мың теңге;
2) шығындар - 67839203 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -325825 мың теңге, соның ішінде:бюджеттік кредиттер - 642736 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 968561 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 178432 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 178432 мың теңге;
5) бюджет профициті - 211030 мың теңге;