«Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысы (күші жойылды)

Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта
пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі;

2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы;

3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.