«Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының
2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазандағы № 120 Бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде:
атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта «құжаттардың» деген сөзден кейін «қалыптасуы,» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақтағы «(бұдан әрі - баспа басылымдары),» деген сөздерден кейін «басылымның міндетті тегін данасын (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымның) (бұдан әрі - басылымның міндетті тегін данасы)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақшалармен толықтырылсын: