«Эпидемиялық маусымда тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 722 бұйрығы (күші жойылды)

Эпидемиялық маусымда тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 722 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Эпидемиялық маусымда тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирусты инфекциялармен (бұдан әрі - ЖРВИ) сырқаттанушылықты азайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде медициналық, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының ұсынылатын жұмыс режімі;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде медициналық ұйымдарда қор жасау үшін ұсынылатын тұмауға қарсы негізгі препараттар тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес эпидемиялық маусымда ұсынылатын тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен сырқаттанушылық жағдайы туралы күнделікті және апталық ақпарат нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес халықты тұмауға қарсы иммундау жағдайы туралы күнделікті және апталық ақпарат нысаны бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша) басшылары:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменттерімен (бұдан әрі - ҚР ДСМ МСЭҚКД) бірлесіп тұмаумен және басқа да ЖРВИ-мен күрес бойынша жедел іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және бекітуді;

2) тұмау мен басқа да ЖРВИ-дың клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина кадрларын даярлауды және халық арасында тұмау мен басқа да ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.