3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін сатып алушыға экспортталатын тауарларды беруді растайтын құжаттар мыналар:
1) тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі;
2) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
3) шот-фактуралар болып табылады.
4. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшін транзиттік жүктерді кеден одағында магистральдық құбыр жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен тасымалдауды растайтын құжаттар:
1) орындалған жұмыстардың актілері, жүктерді қабылдап алу-тапсыру актілері;
2) шот-фактуралар болып табылады.
276-13-бап. Кеден одағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу
1. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 276-14-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау мыналар болып табылады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
6) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, өңделген өнімді кейіннен кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілері;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған, қайта өнімді кейіннен кеден одағына мүше емес мемлекеттік аумағында өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды ұсынады:
1) кеден одағына мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы растаған экспорт кедендік рәсімінде кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағына тауарларды әкету кезінде ресімделетін кедендік жүк декларациясының көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын, осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
5. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өткізу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкетуді (әкелуді) жүзеге асырған жағдайда, өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімінде орындалуын ұсынады.
7. Алыс-беріс шикізатын өңдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тауарларды өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді:
1) сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен өңделетін өнімдердің атауын, сыныптамасын, олардың санын және құнын;
2) өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күнін және нөмірін, өңдеу мерзімін;
3) өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын;
5) өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
9. Тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер олар өздерінің сипатталуы, саны, құны, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша өңделген өнімдерге сәйкес келетін болса, өңделген өнімдерді өңдеушінің бұрын өндірген тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
276-14-бап. Алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі
1. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және ол алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оған осы тарауға сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында, өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және оған осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкеткен күннен бастап қосылған құн салығы салынуға жатады.
276-15-бап. Кеден одағында қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
1) осы Кодекстің 33-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса;
2) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 276-5-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілуін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада аталған қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардан өндірілген тауарларды осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізген кезде тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
1) осы Кодекстің 255-бабында көзделген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген, кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды әкелу қосылған құн салығынан босатылады. Бұл ретте импортталатын тауарлардың тізбесі мен осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі, сондай-ақ тауарлар мен салық төлеушілерді көрсетілген тізбелерге жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеде көзделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаты үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу деп, әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемемен тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу түсініледі.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету және оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде орындау туралы міндеттеме ұсынады.
Тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлға тауарларды уақытша әкелу мерзімін осындай әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес айқындайды, бірақ бұл мерзім осы Кодекстің 276-2-бабының 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, осындай уақытша әкелінген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсынған күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар аталған тізбеде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген кезде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауды уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, әкелу кезінде олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды әкетпеген жағдайда, тауарларды мұндай әкелу салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оларға осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.
5. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.
276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 34-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.
2. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.
Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, алынған лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына келетін бөлігінде айқындалады.
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) СТСН/ЕСК - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/Ресей Федерациясынан сатып алушының есепке қойылу себебінің коды;
3) ТЕН - Беларусь Республикасынан сатып алушының - төлеушінің есепке алу нөмірі көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.
Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс.
276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алса, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не болмаса комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан бұрын Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алса, қосылған құн салығын оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі төлейді.
Сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрмелік-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысатындардың тізімін қоса бере отырып, оны өткізу басталардан он жұмыс күні бұрын салық органына орналасқан жері бойынша жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.
276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің «комиссионер» («сенім білдірілген адам») деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері сыйақы негізінде айқындалады.
276-20-бап. Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттерге тауарлардың экспорты немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 276-21-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосымша құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды: