Өкімдердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 Бұйрығы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27 ақпандағы № 16 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 6 қыркүйекте және 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 352-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 22-4-бабына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 17-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 51-бабына, сондай-ақ «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245, «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өкімдердің мынадай нысандары бекітілсін:
осы бұйрықтың және қаулының 1-қосымшасына сәйкес салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;
осы бұйрықтың және қаулының 2-қосымшасына сәйкес салық органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;