«Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2010-2012 жылдарға
арналған облыстық бюджеті туралы» № 26-162 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 38-219 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабы 1-тармағына, 2-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» № 1274 қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: