Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салуды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 қарашадағы № 704 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 18-06/1085 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесінің 7-тармағына, Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссияның 2010 жылғы 31 тамыздағы № 1 хаттамалық шешіміне, сонымен қатар биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 12 тамыздағы № 10-01-46/5093 қорытындысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді (ғылыми мақсаттарды пайдалануды қоспағанда) 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін алуға тыйым салу белгіленсін.
2. Мыналардың: