«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде азаматтық авиация саласында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.

4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Д. Көтербеков

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрі

міндетін атқарушысының

2010 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 442 бұйрығына қосымша

 

 

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық және эксперименталды авиациясының авиациялық қызметшілері лауазымдарының (кәсібінің) тізімдемесін бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 528 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1858 болып тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.