Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шарт (Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсанда) (күші жойылды)

Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы
шарт
(Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсанда)

 

2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР 2011 жылғы 30 маусымдағы № 449-IV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 16 тамызда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер,

халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты және 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының Комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып,

Кеден одағы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарды Кеден одағына мүше мемлекеттердің біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында,

2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты Статутының 14-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап

 

Осы Шарттың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

«шаруашылық жүргізуші субъект» - Кеден одағына мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға не Кеден одағына мүше мемлекеттің немесе үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

«сот шығасылары» - сарапшыларға, куәгерлерге және аудармашыларға төлеуге жататын ақшалай сома, адвокаттар мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар және істің Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотында қаралуына байланысты ол бойынша Тараптар шеккен басқа да шығыстар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.