Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 158 шешімі
(2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.03.02. № 165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 172 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған Талдықорған қалалық бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынандай көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер - 10667898 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 742205 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 91266 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 71213 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 9763214 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер - 2760395 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 3726382 мың теңге;
облыстық бюджеттен субвенциялар - 3276437 мың теңге;
2) шығындар - 11024435 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2565 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 20000 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 20000 мың теңге.
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) - - 379102 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 379102 мың теңге;
қарыздар түсімі - 251523 мың теңге;
«қарыздарды өтеу» - 114 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 127693 мың теңге.
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.03.02. № 165 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 172 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қалалық бюджетте 2010 жылға дамытуға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін: