«Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 37/329 шешімі

Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239
«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 37/329 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 29 қарашадағы № 28/327 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 6 желтоқсанында № 2090 болып тіркелген) шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

2010 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер бойынша - 14 147 382 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 8 873 649 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 342 136 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 653 991 мың теғге;

трансферттер түсімі бойынша - 4 277 606 мың теңге;

2) шығындар бойынша - 14 149 079 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 5 340 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер бойынша - 5 340 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо бойынша - 241 027 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу бойынша - 241 027 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) бойынша - 248 064 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) бойынша - 248 064 мың теңге, соның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.